Щучинскіде тұрғын үйдегі өрттен 2 адам қаза тапты

246

Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты.  

Щучинскіде тұрғын үйдегі өрттен 2 адам қаза тапты Фото: aqmola_tjd

Өртті сөндіруге 7 техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылды. Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесіне байланысты қиындады. Өйткені үй құрылымдық жағынан толығымен ағаш конструкциялардан тұрғызылған және отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады. Өрт сөндірілді.

"Өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаза болғандардың туыстарына көңіл айтады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті үйдегі өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады. Атап айтқанда:

электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;

жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз, ұзақ қыздырмаңыз;

электр жабдықтары мен сымдардың жағдайын бақылаңыз;

үй-жайларды немесе көліктерді жылыту үшін қолдан жасалған, ақауы бар жылыту құрылғысын пайдаланбаңыз;

Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз, делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу