Ақмола облысының Щучинск қаласындағы жылу қазандықтарының бірі жарылып, от жағушы қаза тапты, деп хабарлайды khabar.kz.
Оқыс оқиға кеше түсте болған. Жарылыс салдарынан жылу қазандығының ғимаратының төбесі мен бір жақ қабырғасы опырылып түскен. Нысанда негізі осыдан 4-5 жыл бұрын орнатылған 3 қазандық бар екен. Бірақ барлығы да жылу маусымына дайын болған. Аталған жылу қазандығы Щучинск қаласындағы 40 пәтері бар 5 тұрғын үймен қоса тағы бірнеше өндірістік нысандарға жылу таратады. Ал қазір жарылыстың нақты неден шыққаны тексеріліп, жылу беруді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта электро қазандықты әкеледі. Кешке жақын қарай үйлерге жылу береді", - дейді Бурабай аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Нұрлан Құлбаев.