Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны артты

158

Тағы екі науқастың жағдайы ауыр.

Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны артты Фото: видеодан алынған кадр

Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 9 адамға жетті. Бұл туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нариман Ермек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өкінішке қарай, Щучинск аудандық ауруханасында тағы екі науқас көз жұмды. Кеше денесінің 70 пайыздан астамын күйік шалған науқас көз жұмды. Бүгін денесінің 85 пайыздан астамы күйген тағы бір науқастан айырылдық. Қазіргі таңда жалпы қаза тапқандар саны 9 адамға жетті", – деді Нариман Ермек.

Аудандық ауруханада жатқан екі науқастың жағдайы ауыр. 4 науқас облыстық көпсалалы ауруханада жатыр. 

Айта кету керек, бұған дейін Щучинскідегі қайғылы оқиға құрбандарының саны сегізге жеткенін жазғанбыз. Жарылыстан кейін дәмхана иесі ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу