Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан кейін тағы 2 адам ұсталды

157

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.  

Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан кейін тағы 2 адам ұсталды Фото: Бейнебақылау камерасынан скриншот

Щучинскідегі "Центр плова Loft" кафесіндегі жарылыс фактісі бойынша тағы 2 адам ұсталды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысының прокуратурасы Щучинск қаласындағы "Центр плова Loft" кафесінде абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

"20 сәуірде арнайы прокурорлар автомобиль газ құю станциясының директорын, сондай-ақ газ баллондарды жеткізушіні ұстады. Олар баллондарды толтыру және жеткізу бойынша қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзды деген күдікке ілінді. Күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша (Абайсызда екіден көп адамның ауыр зардаптары мен өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) сараланды. Аталған бап санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", – делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдіктілердің біріне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, ал екіншісіне үй қамағы таңдалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Өзге мән-жайлар жария етуге жатпайды.

Айта кету керек, бұған дейін наурыз айында жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталған болатын. Қайғылы жағдай салдарынан 12 адам көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу