Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккен бір адам ауруханадан шықты

159

Үш адам ауруханада жатыр.

Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккен бір адам ауруханадан шықты Фото: ТЖМ

Щучинск қаласында "Палау орталығындағы" жарылыстан зардап шеккен адамның бірі ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының жан сақтау бөлімінде екі науқас емделіп жатыр. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланған. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек айтты.

"Оларға тәулік бойы барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бір науқас әйел ауруханадан шығарылды, ал тағы бір адам травматология бөлімінде комбустиолог мамандардың бақылауында", – деді басқарма басшысы.

Айта кету керек, Щучинскіде өрт салдарынан қаза болғандардың саны артқанын жазғанбыз. "Палау орталығында" болған жарылыстан 11 адам көз жұмды.

Оқиғадан кейін дәмхана иесі ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу