Щучинскте ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

189

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Щучинскте ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді Фото: pixabay

Ақмола облысында ер адам жанжал кезінде бұрынғы әйелін өлтірген, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

"11 ақпанда ер адам бұрынғы азаматтық некедегі жұбайына пышақ сұққан. Келіншек сол жерде қаза тапқан", - деді Ақмола облысының Полиция департаменті.

Щучинск қаласының тұрғынын өлтіру фактісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу