"Щучучинск": Астана-Бурабай тас жолында жол белгісі қате жазылған

172

Щучинск қаласының атауы қате жазылып, желіде қызу талқыға түсті. 

"Щучучинск": Астана-Бурабай тас жолында жол белгісі қате жазылған Фото: әлеуметтік желіден

Астана-Бурабай тас жолының бойында жол белгісіндегі жазу қате жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Щучинск қаласының атауы қате жазылып, желіде қызу талқыға түсті.

Ағылшын тілінде қала атауы “Shuchuchinsk” деп жазылған. Ол "Шучучинск" деп оқылады. Желі қолданушылары бұл қателікке түрлі пікірлерін жазып қалдырды. 

"Енді осының арқасында атауды өзгертуге болады", "Көңілді қала", "Бұл еліміздегі әдеттегі жағдай", – деп жазды олар.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы шұғыл әрекет етіп, келесі күні жаңадан орнатылған жол белгісінің суретін жариялады.

Онда қаланың атауы ағылшын тілінде дұрыс көрсетілген.

Компания, қатенің сол күні түзетілгенін мәлімдеді. "ҚазАвтоЖол" пайдаланушыларға пікірлері үшін алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу