Арнайы операция жедел ақпарат негізінде Шу қаласындағы Сәтбаев көшесінде жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті, Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Ұлттық ұланның №6506 "Бүркіт" әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп жүргізген іс-шара барысында 50 келіден астам есірткі затын тасымалданған автокөлік тоқтатылды.
Mazda автокөлігіндегі жүргізуші мен жолаушыны ұсталды. Көлікті тексеру кезінде артқы орындығынан 3 қап, ал жүксалғышынан тағы 2 қап табылған. Қаптардың ішінде өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат болған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – кептірілген марихуана есірткісі екені анықталды. Жалпы салмағы 51 келіден асады.