Шуда аса ірі көлемде есірткі сақтағандар ұсталды

184

17 тоннадан астам есірткі тәркіленді.  

Шуда аса ірі көлемде есірткі сақтағандар ұсталды Фото: polisia.kz

ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл қызметкерлері “Қарасора” операциясы барысында Жамбыл облысы Шу ауданының құмды аймағында қарасора жинаумен айналысқан екі ер адамды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Күдіктілерден 500 кг-ға жуық кептірілген каннабис бұталары мен 9 кг кептірілген марихуана тәркіленді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

“Қарасора” операциясының төрт айында ішкі істер органдары ескірткіге қатысты 1315 қылмыс анықтады.

Қызылорда, Алматы, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында Ұлттық ұланның тікұшақтарымен барлау жүргізілді. Онда 25 есірткі егісі анықталды. Жалпы салмағы 2,5 тонна болатын 15 мыңнан астам қарасора бұталары жойылды. 11 күдікті ұсталып, қамауға алынды.

"Полиция азаматтарды күдікті әрекеттер байқаған жағдайда хабарласуды сұрады", – деді Қуандық Әлжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу