Шуда соққыға жығылған 50 жастағы әйел ауруханада көз жұмды

271

Әйелдің өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Шуда соққыға жығылған 50 жастағы әйел ауруханада көз жұмды Фото: freepik

Шу қаласында ауыр соққыға жығылған әйел алған жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, күдікті – 40 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді полиция.

Тергеу жұмыстарын облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізуде. Істің барысы полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.

Айта кетейік, 24 қарашада Шу қаласының ауруханасына 1976 жылы туған әйел аса ауыр жағдайда жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел ауыр заттың соққысынан бас жарақатын алған. Сондай-ақ оның миы шайқалып, бетінде көптеген қанталау мен соққы іздері анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу