Жамбыл облысындағы Шу станциясында теміржолдан өтпек болған әйелді пойыз қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, 20 шілдеде әйел теміржол рельстерінен өтпек болған сәтте пойыз қағып кеткен. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жылдам тарады.
"Қазіргі уақытта желілік полиция бөлімі теміржол көлігі қозғалысы мен оны пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу