Жамбылдық шенеуніктер әйгілі Шудағы елді еліткен есірткіден жіп, қарасорадан қағаз өндірудің қамымен бас қатырып жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Өйткені жылма-жыл 138 мың гектар көкнәр алқабын құр өртеуден келіп-кетер пайда жоқ. Мәселен, былтыр бұл мақсатта бюджеттен кемі 10 млн теңге бөлінген. Сорақысы күресудің түрлі тәсілдері де есірткі бизнесіне тоқтам болмай тұр. 4 айда ірі мөлшерде көкнәр сақтаған 32 факт тіркелген. Бас-аяғы 528 келі есірткі тәркіленіпті. Сондықтан қарасораны емдік мақсатта қолдануды жеделдеткен жөн дейді жауаптылар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу