Шудан Астанаға 36 келі есірткі тасымалдаған әйелге үкім шықты

1229

Шудан Астанаға 36 келі есірткі тасымалдаған әйелге үкім шықты

А. есімді әйел Шу қаласынан Астанаға екі жол сөмкемен есірткі жататын, салмағы 36 келі 188 грамм гашишті тасымалдаған әйел ұсталды, деп хабарлайды astana.sud.kz.

Астанаға жеткен азаматшаны М. есімді азамат күтіп алып, ымдап, соңынан еруді бұйырған. Жол сөмкелер Б. есімді азаматтың көлігіне тиеледі. Сөмкеде не барынан хабарсыз көлік иесі жүкті алып үйіне қайтады.  Іздестіру барысында Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі заттары орналасқан екі сөмкені тауып, тәркілеген.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелді ҚР ҚК-інің 297-бабы 3-бөлігі, 1,3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оны 10 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу