Артынша тұрғындарға жер сілкінісі туралы ескерту келді.
– Алматы қаласы аумағында жер сілкінісі, – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.7, тереңдігі – 5 шақырым.
Алматыда және облыстың бірнеше елді мекенінде жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл деңгейінде сезілді.
Есептік қарқындылық (баллмен) төмендегідей болды:
– Алматы қаласы – 3 балл, 277 шақырым;
– Алматы облысы, Талғар қаласы – 3 балл, 271 шақырым;
– Алматы облысы, Қаскелең қаласы – 3 балл, 283 шақырым;
– Алматы облысы, Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл, 314 шақырым;
– Алматы облысы, Қонаев қаласы – 2 балл, 336 шақырым;
– Жетісу облысы, Жаркент қаласы – 2 балл, 374 шақырым;
– Жетісу облысы, Талдықорған қаласы – 2 балл, 444 шақырым;
– Жамбыл облысы, Шу қаласы – 2 балл, 476 шақырым.