Шұғыл! Елшілік қазақстандықтарға Украина аумағынан кетуді ұсынды

1794

Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарды елден кетуге шақырды.

Шұғыл! Елшілік қазақстандықтарға Украина аумағынан кетуді ұсынды Фото: AP Photo / Adam Schreck

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі осы мемлекетте жүрген қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасап, елден кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес", - деп хабарлады елшілік.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031. Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу