"Шұғыл хабарласыңыздар": Қымбат Досжан маңызды мәлімдеме жасады

11770

 Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Шұғыл хабарласыңыздар": Қымбат Досжан маңызды мәлімдеме жасады Фото: бейнежазбадан

Бельгиялық бала Жәнібектің туған анасын іздеген журналист Қымбат Досжан шұғыл мәлімдеме жасады.

"Қайырлы күн, достар. 2001, 2002, 2003 жылдары Арқалық қалалық перзентханасында босанып, бірақ қандай да бір себептермен балалары шетінеген немесе өлі туған баласының денесін көрмеген, өздері жерлемеген және осы босанған әйелдердің өздері немесе туыстары бізге шұғыл хабарласуларыңызды өтінеміз", - деді Қымбат Досжан.

Еске сала кетсек, журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібек есімді баламен аттас тағы бір баланың табылғанын мәлім еткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу