Шұғыл! SCAT ұшағына найзағай түсті

683

Найзағайдан зардап шеккендер жоқ. 

Шұғыл! SCAT ұшағына найзағай түсті Фото: hightech.fm

SCAT ұшағына найзағай түсті. Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткен демалыста SCAT әуе компаниясының ұшағына найзағай түсіп зақымданды. Қазіргі уақытта ұшақ кестеден шығарылды. Компанияның инженерлік қызметі бірнеше күнге созылатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты компания осы аптадағы 14 әуе рейсі кестесін өзгертуге мәжбүр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушылардан sms-ескертулерге мән беріп, рейстер кестесін мобильді қосымша арқылы немесе әуе компанияның ресми сайтынан (scat.kz) тексеруді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу