Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 18 адам тіркелді, оның ішінде Алматы қаласында – 1, Шымкент қаласында – 11, Қарағанды облысында – 2, Алматы облысында – 3, Түркістан облысында – 1.
"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 390 адам, Алматы қаласында – 669 адам, Қарағанды облысында – 101 адам, Ақмола облысында – 82 адам, Атырау облысында – 80 адам, Жамбыл облысында – 65 адам, Шымкент қаласында – 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 11 адам, Алматы облысында – 53 адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 33 адам, Маңғыстау облысында – 13 адам, Қызылорда облысында – 151 адам, Батыс Қазақстан облысында – 68 адам, Түркістан облысында – 66 адам, Қостанай облысында – 25 адам, жалпы 1967 науқас тіркелді",– деп хабарлады шұғыл штаб.
452 адам ем қабылдап, дертінен айығып шықты.