Шүлбі су электр станциясы тасқынға дайын ба?

183

Абай облысының әкімі Берік Уәли су тасқыны кезеңіне дайындық барысын пысықтады.  

Шүлбі су электр станциясы тасқынға дайын ба? Фото: gov.kz

Облыс әкімі жұмыс сапарын Шүлбі су электр станциясынан бастады. Су қоймасы екі миллиард текше метрден астам су жинай алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

СЭС басшылығының мәліметінше, Ертіс өзеніне күніне шамамен 650 текше метр су жіберіледі. Көктемгі су тасқыны кезінде бұл көрсеткіш 3 мың текше метрден асады.

Мамандар облыс әкіміне қазіргі таңда нысан қалыпты жұмыс істеп тұрғанын, жіберілетін су деңгейін үнемі қадағалап отырғанын айтты. Нысанда жоспарлы жөндеу жұмысы жүргізілген. Тасқын кезеңіне дайын.

"Су тасқыны кезеңі жақындап келеді. Сондықтан жұмысты жалғастырып, су деңгейін үнемі бақылауда ұстап отырыңыздар. Су жіберу көлемі ұлғайған жағдайда облыс әкімдігімен, Төтенше жағдай департаментімен бірлесе әрекет етуіміз керек", - деді аймақ басшысы.

Облыста көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілген. Соған сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өңірде 95 гидротехникалық нысан бар. Арнайы топ елдімекендерді аралап, су қоймалары мен бөгеттердің жағдайын бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу