Шүлбі су қоймасынан су жіберу кезеңі жүруде

1376

Үйлердің периметрі бойынша инертті материал толы қапшықтар қойылып, су ағынының деңгейін бақылау үшін өлшеуіш сызғыштар орнатылды.

Шүлбі су қоймасынан су жіберу кезеңі жүруде

Шүлбі су қоймасынан табиғатты қорғау мақсатында су жіберу кезеңі жүруде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Осыған байланысты Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов Ертіс өзенінің су басу қаупі бар аймақтарын аралап, сақтық шараларымен танысты. Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраевпен бірге металлургтер қаласы мен Ақсу кентінің қорғау дамбаларын тексерді. Су басу қаупі бар аймақтың тұрғындарымен кездесті.

"Кездесу барысында тұрғындардың арасында билік өкілдерінен көмек сұрағандар болмады. Осыған қарамастан үйлердің периметрі бойынша инертті материал толы қапшықтар қойылып, су ағынының деңгейін бақылау үшін өлшеуіш сызғыштар орнатылды", – дейді облыстық ТЖД департаментінде.

Ақсу қаласынан шығар жолда Ернұр Өтегенов автомобиль жолының астынан су өткізетін реттеуіш шлюзды тексерді. Кенжекөл ауылы мен Ленин кентінде өңірлік ТЖД-ің бастығы елді мекендерді Ертістің тасуынан сақтайтын қорғаныс қабаттарының жағдайын қарап шықты. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс орталығының жанындағы елдімекендерді су басу қаупі жоқ екенін мәлімдеді.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу