Акцияға араб инвесторлары ие болуы мүмкін. Себебі олар стратегиялық инвестор атануға ниет білдіріп отыр.
Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, "Шүлбі ГЭС" АҚ мен "Өскемен ГЭС" АҚ акцияларының 74,99%-ы сатылады.
"Стратегиялық инвесторға "Шүлбі" және "Өскемен гидроэлектростанцияларының акциясын сатуға қатысты келіссөз жүріп жатыр. Аты аталған нысандар 100% сатылмайды. Меншік құқығының 25%-дан астамы меллекетке, 74,99%-ы инвесторға тиесілі болады", – деді министр.
Мағзұм Мырзағалиев гидроэлектрстанцияларды жөндеу қажет екенін айтты.
"Станциялардың қуатын қосымша 500 МВт-қа дейін арттыру мүмкіндігі бар", – деді министр.
Оның айтуынша, аты аталған гидроэлектростанциялары Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан.
"Шүлбі ГЭС" АҚ-ның белгіленген қуаты 702, "Өскемен ГЭС" АҚ-ның қуаты 367,8 МВт-ты құрайды.
Қанат Махамбет