Шүменов ісі: ҚР СІМ қырғызстандықтың ісін бақылауға алды

491

Оқиға 18 маусым күні Астана қаласындағы "MEGA Silk Way" ойын алаңында болған.

Шүменов ісі: ҚР СІМ қырғызстандықтың ісін бақылауға алды Фото: arbat.media

Қырғызстан СІМ Астанада қырғызстандықты ұрып-соғу туралы істі өз бақылауына алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қырғызстан сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы жылдың 18 маусымында Астана қаласындағы "MEGA Silk Way" балалар ойын алаңында Қырғызстан мен Қазақстанның екі азаматы арасында түсініспеушілік болып, кейін Қырғыз азаматы жұдырық астында қалған. 

"2023 жылғы 13 шілдеде жәбірленуші Қ. А. Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Елшілігіне шақырылды, Елші Д. Дюшекеевпен кездесу барысында Қырғызстан азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілді.

Бүгінгі таңда осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары барлық қажетті процестік әрекеттерді жүргізуде.

Бұл мәселе министрліктің бақылауында", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін ІІМ "MEGA SILK WAY" СОО-дағы бұзақылықты тергеп жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу