Шұңқырға түсіп апатқа ұшыраған: Петропавлдық тұрғын әкімдіктен 2 млн теңге өндіріп алды

249

Зардап шеккен әйел өз құқығын қорғап, қала әкімдігін сотта жеңіп шықты.    

Шұңқырға түсіп апатқа ұшыраған: Петропавлдық тұрғын әкімдіктен 2 млн теңге өндіріп алды Фото: pkzsk.info

Петропавл қалалық №2 сот қараған іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айында Қизатов көшесінде болған жол-көлік оқиғасы кезінде әйел адамның автокөлігі аударылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Апат салдарынан көлікке зақым келген. Сот барысында аталған жол учаскесіндегі ойықтың тереңдігі 8 сантиметрге дейін жеткені анықталды. Сонымен қатар жолдың түзу болуын бақылауға тиіс қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сотқа қажетті дәлелді ұсына алмаған.

"Қазгидромет" филиалының мәліметінше, оқиға болған күні қалада қар жауып, ауа температурасы нөлден төмен болған. Бұл көктайғақтың пайда болуына әкелген.

Айта кетерлігі, осы жол-көлік оқиғасынан кейін 5 минут ішінде дәл сол аумақта тағы бір жүргізуші апатқа ұшыраған. Ал келесі күні бұл көшеде 3-4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, кемінде 11 адам зардап шеккен.

Сот шешімімен әйелдің пайдасына материалдық залалды өтеу үшін 1106277 теңге және моральдық зиянды өтеу үшін 1000000 теңге өндірілді. Сондай-ақ жауапкер сот шығындарын өтеуге міндеттелді.

Шешім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу