Әзербайжанның Қарабақ аймағындағы Шуша қаласы келер жылы ислам әлемінің мәдени астанасы болмақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл ұсыныс Катар астанасы Дохада өткен Ислам әлемі мәдениет министрлерінің 12-ші конференциясында бірауыздан мақұлданды.
Шуша қаласы Әзербайжанның тарихи, мәдени, қоғамдық-саяси өмірінің маңызды орталықтарының бірі, сондай-ақ, ислам өркениетінің символына айналды.
2022 жыл Әзірбайжанда Шуша жылы болып жарияланды. Қаланың мәдени өмірін жаңғыртуды қолдау мақсатында музыкалық фестивальдер, поэзия күндері, көптеген жергілікті және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізілді. ТҮРКСОЙ Шуша шаһарын 2023 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялаған еді.