2017-2020 жылдар аралығында шұжық өнімдерін өндіру көлемі 21%-ға ұлғайып, 44,3 мың тоннадан 53,7 мың тоннаға жетті. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында мәлімделді.
Белгілі болғандай, өзімізде өндірілген шұжық ішкі нарықтың 62%-ын қамтамасыз етіп тұр. Қалғаны сырттан импортталып жатыр.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың сөзінше, биыл өндірістік қуаты 45 мың тоннаны құрайтын 3 ет өңдеуші кәсіпорын іске қосылады. Нәтижесінде ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету үлесі 2021 жылы 70%-ға, 2024 жылға қарай 100%-ға жетеді. Бұл алдағы 4 жылда біздің ел шұжық импортынан бас тартуы мүмкін деген сөз.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу