Шварцнеггерді Мюнхен әуежайында өткізбей қойды

383

Актер салық төлеуден жалтарған деген күдікке ілінді.

Шварцнеггерді Мюнхен әуежайында өткізбей қойды Фото: Gettyimages.ru

Актер Арнольд Шварцнеггер Мюнхен әуежайында қымбат сағатты заңсыз алып өтпек болған жерінде ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Bild газетінің жазуынша, Шварцнеггер өзімен бірге Audemars Piguet брендінің швейцариялық сәнді сағаттардың көшірмесін Китцбюхельдегі Дүниежүзілік климаттық саммитке алып келген. Сағат актер үшін арнайы жасалған. Актер сағатты аукционда шамамен 20 мың еуроға сатпақшы болған.

"Біз Арнольд Шварцнеггерді салық төлеуден жалтарған деген күдікпен тергеп жатырмыз. Ол сағатты жариялауы керек еді", - деді Мюнхен кеден басқармасының өкілі Томас Мейстер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу