Швеция альянсқа кірмес бұрын НАТО әскерлерін өз жерінде орналастыруға дайын

476

Стокгольм бұл шешім Швецияның қорғаныс қабілетін күшейтетінін атап өтті.

Швеция альянсқа кірмес бұрын НАТО әскерлерін өз жерінде орналастыруға дайын Фото: Ашық дереккөзден

Швеция НАТО-ға Солтүстік Атлантикалық альянсқа ресми түрде кірмегенімен өз аумағында әскер орналастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Швецияның премьер-министрі Ульф Кристерссон мен елдің қорғаныс министрі Пол Джонсон Dagens Nyheter газетіне арналған мақаласында:

"Үкімет Швецияның Қарулы Күштері болашақта бірлескен операцияларды іске асыру үшін НАТО және НАТО елдерімен дайындық шараларын жүргізе алады деп шешті", - деп жазды.

Олардың айтуынша, "бұл дайындық шаралары Швеция аумағында шетелдік техника мен қызметкерлерді уақытша орналастырумен байланысты болуы мүмкін".

"Ресей жақын болашақта көрші елдерге қауіп төндіретіні белгілі, өйткені "Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің аумақтық амбицияларының ауқымы белгісіз. Сондықтан бұл шешім Ресейге ескерту және Швецияның қорғанысын күшейтеді"- деп атап өтті саясаткерлер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу