Швеция мен Финляндия өкілдері НАТО-ға кіру жағын талқылау үшін Түркияға барады

705

18 мамырда бұл елдер НАТО-ға кіруге байланысты өтінішті тапсырды.

Швеция мен Финляндия өкілдері НАТО-ға кіру жағын талқылау үшін Түркияға барады

Финляндия мен Швеция делегациялары Түркия өкілдерімен НАТО-ға кіру мәселесін талқылау үшін Анкараға барады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олармен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның өкілі Ибрахим Калын және Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал кездеседі. Басқосу Президент сарайында және республиканың Сыртқы істер министрлігінде өтеді.

18 мамырда Финляндия мен Швецияның НАТО-дағы елшілері альянстың Бас хатшы Йенс Столтенбергке өз мемлекеттерінің одаққа кіруіне байланысты өтінішті тапсырған болатын. Ресей Президенті Владимир Путин 16 мамырда Кремльде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитінде Мәскеудің Финляндия мен Швециядағы НАТО құрамына кіруі Ресей Федерациясына тікелей қауіп төндірмейтінін мәлімдеген еді.

Бірақ Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған бұл қадамды қолдамайтынын мәлімдеді, ол Анкараға санкциялар салған және "террористерді жасырған мемлекеттерді", яғни Финляндия мен Швецияны альянсқа қабылдай алмайтынын жариялады.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу