Швеция мен Финляндия жазда НАТО-ға кірмек

906

Қаңтарда НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг олардың НАТО-ға кіру процесі тез жүзеге асуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Швеция мен Финляндия жазда НАТО-ға кірмек

Швеция мен Финляндия НАТО-ға 2022 жылдың жазында кіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz The Times басылымына сілтеме жасап. 

Финляндия одаққа кіруге өтінішті маусым айында тапсырмақ. Одан кейін Швеция құжаттарын дайындамақ. 

Басылымға сұхбат берген бір америкалық шенеуніктің айтуынша, бұл Ресейдің стратегиялық қателігінің салдары. Еуропадағы соңғы келіссөздер барысында екі елдің Солтүстікатлантикалық одаққа кіруі талқыланған көрінеді.

2022 жылдың қаңтарында НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру процесі тез жүзеге асуы мүмкін екенін айтқан болатын. Сонымен қатар бас хатшы екі ел де Солтүстікатлантикалық альянстың жақын серіктестері болып табылатынын және оның көптеген параметрлері бойынша, яғни  қауіпсіздік және қорғаныс институттарын ұйымдастыру деңгейі бойынша стандарттарға сәйкес келетінін атап өтті.

Ескере кететін жайт, Швеция да, Финляндия да НАТО-мен бірлескен әскери жаттығуларға қатысып жүр.

Табиғат Нұрболат

Фото: ndtv.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу