Швеция НАТО-ға қыркүйекке дейін қабылданбайды

565

Швеция шілде айында Вильнюсте өтетін Солтүстік Атлантикалық одақ саммиті кезінде НАТО-ның ресми мүшесі бола алмайды. 

Швеция НАТО-ға  қыркүйекке дейін қабылданбайды Фото: РБК

Сонымен елді одаққа қабылдау кем дегенде қыркүйек айына дейін, Түркия парламенті альянсқа кіруге шведтік өтінімді ратификациялағанша созылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz Швед радиосына сілтеме жасап.

Швед тілшілері сұхбаттасқан Анкарадағы кейбір түрік саясаткерлерінің пікірінше, 14 мамырдағы президенттік және парламенттік сайлаудан кейін түрік депутаттары әдетте маусымнан қыркүйекке дейін созылатын жазғы демалыс басталғанға дейін "швед мәселесін" талқылауы екіталай.

Швед радиосы Финляндия НАТО-ға қосылғаннан кейін Швецияны альянсқа тезірек қабылдау үшін Түркия мен Венгрияға одақтың кейбір "ықпалды" мүшелері — АҚШ, Франция, Ұлыбритания тарапынан қысым күшейгенін атап өтті. Норвегия да әртүрлі деңгейдегі келіссөздерде шведтік өтінімді ратификацияламаған елдерді көндіруге тырысып бағуда.

Швеция 2022 жылдың 18 мамырында НАТО-ға қосылуға өтініш берді. Альянстың 31 елінің 29-ы — хаттаманы ратификациялады. 2023 жылдың басында Стокгольмдегі Түрік елшілігінің жанында Құранның өртенуіне байланысты Түркия мен Швеция арасында жанжал туды. Түркия президенті Швецияның Стокгольмдегі осы және басқа да түріктерге қарсы әрекеттерінен кейін Анкарадан оның НАТО-ға кіру туралы өтінішін қолдауды күтпесін деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу