11 наурызда Швеция НАТО-ның 32-ші мүшесі ретінде Солтүстік Атлантикалық альянсқа ресми түрде қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Швед баспасөзінің хабарлауынша, 11 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі (Бельгия) штаб-пәтерінде Швецияның альянсқа қабылдауының ресми рәсімі өтеді.
НАТО штаб-пәтерінде Швеция туы көтеріледі. Осылайша, Швеция альянстың 32-ші мүшесі болады.
Венгрияның Ұлттық жиналысында 26 ақпанда бұл елдің НАТО-ға кіруі мақұлданды.
Швеция НАТО-ға кіруге 2022 жылдың 18 мамырында өтініш берген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу