Швеция прокуратурасы Иранды кибершабуыл жасады деп айыптады

216

Прокуратура мұның барлығы Швеция қоғамында алауыздық тудыру үшін жасалған деп отыр. 

Швеция прокуратурасы Иранды кибершабуыл жасады деп айыптады Фото: © Газета.Ru

Швеция прокуратурасы өткен жылы жасалған кибершабуыл үшін Иранды айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Agence France-Presse ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Агенттік ақпаратына сенсек, прокуратура 2023 жылы Иран барлау агенттіктері Құранды өртеп жібергендерден "кек алуға" шақыратын хабарламалар жіберу үшін SMS операторлардың бірін бұзды деп мәлімдейді. Барлығы 15 мыңға жуық хабарлама жіберілді. Бұл "швед қоғамында алауыздық тудыру" үшін жасалды, дейді прокурорлар.

Бұған дейін Швецияда Құранды өртеп жіберген акцияны ұйымдастырушылардың екеуіне қарсы іс қозғалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу