Швеция бес ресейлік дипломатты елден шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Швецияның Сыртқы істер министрі Тобиас Билльстрём SVT-ге берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Оның айтуынша, Ресейдің Стокгольмдегі елшісі Виктор Татаринцев Скандинавия елінің сыртқы істер министрлігіне шақырылды, кездесу барысында "дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес келмейтін әрекеттеріне байланысты" бес дипломаттың елден кетуін талап етті.
Сонымен қатар, Швецияның барлау басқармасының (SEPO) 21 сәуірдегі есебінде Швецияда өз міндеттерін атқаратын үш ресейлік қызметкердің бірі Ресей Федерациясын барлау қызметіне жұмыс істейтіні және Скандинавия еліне қауіп төндіретіні айтылған.