Швеция - темекісіз қоғам құрған алғашқы ел болады

563

Швеция темекі шегуге қарсы стратегия шеңберінде дәстүрлі шараларды ұстанғанымен, балама құралдарға қатысты шектеулерге бармады. 

Швеция - темекісіз қоғам құрған алғашқы ел болады Фото: informburo.kz

Health diplomats Швецияның темекі шегуге қарсы сәтті стратегиясын егжей-тегжейлі сипаттайтын "Швед тәжірибесі: темекісіз қоғамға апарар жол картасы" есебін ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазір Швеция халқының 5,6%-ы темекі шегеді, бірақ мамандардың айтуынша, биылдың өзінде бұл көрсеткіш 5%-ға дейін төмендейді. Ал ДДСҰ дәл осы нәтижеге жеткен елдерді ғана темекі түтінінен азат елдер қатарына қосады. Бұрын халқының 49%-ы темекі шеккен Швеция осы жылы сол дәрежеге жетеді.

Соңғы онжылдықта Швеция темекі түтінімен күресуде өзге Еуропа елдеріндегідей дәстүрлі шараларды қолданды. Бірақ шведтік тәжірибенің негізгі айырмашылығы - олар темекінің орнын басатын балама түтінсіз құралдарды пайдалануға, сатуға шектеу қоймады. Ғылыми зерттеулерге мұқият қарау, инновациялық шешімдерге ашық болу темекімен күресте үлкен көмек беріп, жұқпалы емес аурулардың таралуына тоқтауыл болды.

"Егер Еуропалық Одақтың (ЕО) барлық басқа елдері Швециямен бірдей стратегияларды қолданса, алдағы онжылдықта тек Еуропада 3,5 миллион адамның өмірін сақтап қалуға болар еді", – деп атап өтті Андерс Милтон, есеп авторларының бірі әрі швед медициналық қауымдастығының, Швед Қызыл Крестінің және Дүниежүзілік медициналық қауымдастықтың бұрынғы төрағасы.

Жоғарыда айтылған барлық шаралар елді ЕО-ның басқа елдерімен салыстырғанда әдетте темекіден туындайтын аурулардың таралу көрсеткішін ең төмен деңгейге жеткізді. Осы аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі ЕО орташа деңгейінен 39,6%-ға, ал қатерлі ісік ауруы басқа Еуропа елдеріне қарағанда 41%-ға төмен.

Швециядағы темекіге салық салу стратегиясы темекіге қарағанда баламалардың аз қаупін көрсететін пропорционалды акцизге негізделген. Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қыздырылатын темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемесі Швецияда темекіге қолданылатын акциз мөлшерлемесінің небәрі 36%-ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу