Швеция Түркияның Еуроодаққа кіруін қолдайды

504

Бұл туралы НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг хабарлады.

Швеция Түркияның Еуроодаққа кіруін қолдайды Фото: RT

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон және НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Вильнюста үшжақты кездесу өткізді.

Түркиялық БАҚ таратқан ақпаратқа сүйенсек, кездесу нәтижесі бойынша Швеция тарапы Түркияның ЕО-қа кіру процесін, соның ішінде түрік азаматтары үшін визалық режимді либерализациялау және Анкара мен Брюссель арасындағы кедендік одақты жаңарту әрекеттерін қолдайтынын білдірді.

Сонымен қатар Швеция YPG/PYD және FETÖ террорлық ұйымдарына қолдау көрсетпейтінін растады.

Үшжақты кездесуде санкцияларды жою және Солтүстік Атлантикалық Альянс одақтастары арасындағы қорғаныс саласындағы сатып алу мен инвестициялау кедергілерін жою бойынша жұмыс істеуге уағдаласты.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия мен Швеция екіжақты қауіпсіздік механизмін құратынын хабарлады. Сондай-ақ, Столтенберг НАТО тарихында алғаш рет терроризмге қарсы күрес жөніндегі арнайы үйлестіруші тағайындалатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу