Швеция Үкіметі Қысқы Олимпиада-2030 ұйымдастыруға өтінім беруді құптады

281

Дүниежүзілік доданы елдің Стокгольм, Фалун, Оре, Идре және Эстерсунд қалалары қабылдай алады.

Швеция Үкіметі Қысқы Олимпиада-2030 ұйымдастыруға өтінім беруді құптады Фото: mavink.com

Швеция үкіметі 2030 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім беру бойынша елдің олимпиада комитетінің (SOK) бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РИА Новости Спорт агенттігіне сілтеме жасап.

Биылғы ақпан айында Швеция 2030 жылғы ақ Олимпиаданы ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы мәлім етілген еді. Жарысты ұйымдастыруға мүмкіндіктің бар-жоғына алдын ала зерттеу маусым айында аяқталып, өтінім беру жобасы екінші кезеңге аяқ басты.

Швеция Үкіметі өтінім беру үшін SOK-қа қажетті қолдау мен қаржылай кепілдікті уәде етті.

Еске сала кетейік, Швеция бұдан бұрын 2026 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің бірі болды. Алайда, Халықаралық олимпиада комитетінде өткен дауыс беру нәтижесі бойынша бұл мүмкіндікке Италия қол жеткізген еді.

Сонымен қатар, Халықаралық Олимпиада комитеті 2030 және 2034 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары өтетін мемлекетті 2024 жылы анықтайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу