Швеция Украинаның шығысындағы "тұрақтылықты нығайту" қорына $5,43 млн аударады

899

Былтыр ел үкіметі 2021-2027 жылдар аралығында Шығыс Еуропадағы реформаларды қолдауға бағытталған стратегияны қабылдады.

Швеция Украинаның шығысындағы "тұрақтылықты нығайту" қорына $5,43 млн аударады

Швеция үкіметі Украинаның оңтүстік-шығысындағы "тұрақтылықты нығайту" қорына 50 миллион крон (5,43 миллион доллар) аударады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бұл қор Ұлыбритания, Канада, АҚШ және Швейцариямен бірлесе құрылған болатын.

Бөлінетін қаражат алдағы үш жыл бойы көмек беруге жұмсалады.

"Қорға 50 миллион крон бөлу арқылы Швецияның Украинаны қолдайтынын, оның егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындайтынын білдіреміз. Қор Украинаның Ресей агрессиясына қарсы тұру мүмкіндігін арттырады", – дейді елдің ынтымақтастық жөніндегі министрі Матильда Эрнкранс.

Украина – Швецияның Шығыс Еуропада реформалар жүргізу үшін бөлетін қаражатынан ($25,6 млн) ең көп қаржы алатын ел.  

Өткен жылдың желтоқсан айында Швеция үкіметі 2021-2027 жылдары аралығында Шығыс Еуропадағы реформаларды қолдауға бағытталған стратегияны қабылдады. Оның жалпы сомасы – $700 млн.

Табиғат Нұрболат

Фото: globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу