Швецияда жыл сайын шамамен 530 әйел жатыр мойын обырына шалдығады. Орта есеппен әр үш күн сайын бір әйел осы дерттен көз жұмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аурудың негізгі себебі – адам папилломасы вирусы (АПВ). Ол жыл сайын шамамен 1100 қатерлі ісік түрінің дамуына себеп болады, оның 500-ден астамы – жатыр мойны обыры.
2025 жылдың 30 маусымына дейін 1994-1999 жылдары туған әйелдер АПВ-ге қарсы тегін вакцина ала алады. Қазіргі таңда қажетті 70% көрсеткіштің 59%-ы ғана қамтылған. 30 маусымнан кейін екпенің құны шамамен 6000 швед кронын (шамамен 550 АҚШ доллары) құрайды.
22 мамыр күні бүкіл ел бойынша бірқатар кинотеатрларда вакцинация жүргізіледі. Екпе тегін, ал салдырғандарға киноға тегін билет ұсынылады.
Бұл бастаманы Швецияның барлық 21 өңірі, Қатерлі ісікпен күрес қоры (Cancerfonden), Capio медициналық желісі және Filmstaden кинотеатрлар желісі қолдап отыр.
Кейбір өңірде 2000-2001 жылдары туған әйелдер де тегін вакцинация салдыра алады.