Стокгольмдегі Gröna Lund ойын-сауық саябағында америкалық төбешік аттракционында пойыз рельстен шығып кетіп, бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Jetline аттракционы рельстен шығып кетіп, ішіндегі адамдар жерге құлаған.
Оқиға орнына жедел жәрдем, құтқарушылар мен тікұшақ келді.
Gröna Lund сайтында қайғылы оқиға болған Jetline төбешігінің жылдамдығы 90 км/сағ жетуі мүмкін екені айтылған.
Оқиғадан кейін саябақ белгісіз мерзімге жабылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу