Швецияда Ердоғанның бейнесін жағып жіберген — БАҚ

288

Акция Швеция парламенті ғимаратының алдында өтті.

Швецияда Ердоғанның бейнесін жағып жіберген — БАҚ Фото: Риа Новости

Радикалды адамдар Режеп Тайып Ердоғанның бейнесін өртеп жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz gazeta.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

"КЖП (Күрдістанның жұмысшы партиясы, Түркияда тыйым салынған) террористік ұйымының жақтаушылары Стокгольмге жиналып, Швеция парламенті ғимаратының алдына президент Ердоғанға ұқсас тұлыпты өртеп жіберді. Арандатушылықтың алдын алудың орнына, жақын маңдағы полиция бейқамдық танытты", - делінген Yeni Shafak газетінің басылымында.

КЖП жақтастары 30 қыркүйекте Стокгольмнің орталығында Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы демонстрация өтеді деген плакатпен көзге түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу