Швецияда Иранның тумасы Құранды өртеп жіберді

452

Жақында Швеция мен Данияда Құранды өртеу акциясы өтті. 

Швецияда Иранның тумасы Құранды өртеп жіберді Фото: img3.eadaily.com

Стокгольмде полицияның рұқсатымен Құранды өртеп жіберген кезекті акция өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. 

"Меларен көлінің жағасында Иранның 47 жастағы тумасы Марьян Байрами барлық діндерді жою қажеттілігін мәлімдеді және полицияның қорғауымен барбекюде Құранды өртеп жіберді", - делінген хабарламада.

Жақында Швеция мен Данияда Құранды  өртеу акциясы өтті. Ислам елдерінің ұйымы және оның көптеген мүшелері мұндай әрекеттерді қатаң айыптады.

Өткен жексенбіде Швеция премьер-министрі патшалық Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауыр қауіпсіздік жағдайында екенін айтты. Бұған дейін SAPO барлау қызметі соңғы уақытта бұл мәселенің Стокгольмде өткізілген Құран өртенген акциялармен байланысы барын растады. Сондай-ақ, өткізілген акциялар Швецияның беделіне нұқсан келтіргені, "толерантты елден" ислам мен мұсылмандар дұшпанына айналғаны, оған мемлекет шабуыл жасауға рұқсат бергені жайлы айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу