Швецияда коронавирустан қаза табу фактісі жоқ

781

6 шілдеде Израильде 12 күн қатарынан коронавирустан қаза табу фактілері тіркелмегені жарияланған еді. 

Швецияда коронавирустан қаза табу фактісі жоқ

2021 жылдың 22 шілдесінен бастап Швецияда COVID-19 дертінен қаза тапқандар тіркелмеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Our World in Data дерегіне сілтеме жасап.
Елдегі қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін вакцинацияның бірінші кезеңінен ересектердің 76,9%-ы, екінші кезеңнен 49,1%-ы өткен. 

Жергілікті үкімет біртіндеп шектеулерді қысқартып жатыр. 15 шілдеден бастап қоғамдық көлікті еркін пайдалануға және кез-келген қоғамдық орындарға баруға рұқсат берілді. Денсаулық сақтау министрлігі тек бір кеңес берді: билік тұрғындардың дерттің белгілері анықталған адамдармен араласпауға үндеді.

6 шілдеде Израильде 12 күн қатарынан коронавирустан қаза табу фактісі тіркелмегені жарияланған еді. Сарапшылардың айтуынша, бұған вакцинация қарқынының жоғары болуы әсер еткен. Алайда "дельта" штамы таралуының салдарынан елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетуі мүмкін деген пікірде мамандар. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу