Швецияда Құран Кәрім тағы өртелді

688

Қасиетті кітапты Ирак тумасы, 37 жастағы босқын жағып жіберді. 

Швецияда Құран Кәрім тағы өртелді Фото: Гордон

Ер адам бірнеше апта бұрын полицияға қарсылық шарасын ұйымдастыратынын ескерткен. Тұрғындар мұндай арандатуға жол берілмеу керек деп, полицияны айыптап отыр. 

Акцияны ұйымдастырушы бұл қадамға жеке себептерімен барғанын, сондай-ақ сөз бостандығын орнатқысы келетінін айтты. Ол Швецияның имиджіне кір келтіргісі келмегенін жеткізді. 

Айта кетерлігі, Швецияның НАТО мүшелігіне өтуі әлі шешілмей жатыр. Бұған Түркия қарсы. Себебі қаңтарда даниялық Расмус Палудан Стокгольмдегі Түрік елшілігінің алдында Құранды өртеп, түріктердің қарсылығын күшейтті. 

Швеция 2022 жылдың 18 мамырында Финляндиямен бір уақытта НАТО-ға мүшелікке өтініш берді. Биыл 4 сәуірде ресми Хельсинки мүшелікке өтті. Ал Швецияның Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымына қосылуы тікелей Түркия мен Венгрия қолдауына байланысты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу