Оқиға Стокгольмнен батысқа қарай шамамен 200 км жерде орналасқан Оребро қаласында ресми білімін аяқтамаған, жоғары оқуды жалғастыру үшін бағасын өзгерткісі келетін ересектерге арналған Рисбергска мектебінде болды. Бірақ онда балалар да болған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.
Жергілікті полиция басшысы Роберто Эйд Форест баспасөз мәслихатында нақты 11 адам қаза тапқанын, бірақ әлі де зардап шеккендер болуы мүмкін екенін айтты.
Полиция қылмыскердің мотивін әзірге анықтамады. Себебі сол шабуылды ұйымдастырған адам өзі де қаза тапқан.
Король Карл XVI Густав халқына көңіл айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу