Швецияның батыс бөлігінде автобус жол апатына ұшырап, 3 адам қаза тапты. Тағы 28-і жараланған, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті басылымдар таратқан мәліметке сүйенсек, автобуста шаңғы тебу үшін демалыс орнына бар жатқан 50-ге жуық мектеп оқушысы мен бірнеше ересек адам болған.
Автобус жолдан шығып кетіп аударылған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел жәрдем көліктері мен тікұшақтардың көмегімен жараланғандарды ауруханаға жеткізді. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқыс оқиға кезінде жол ашық әрі құрғақ болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу