Швецияда тағы да Құран өртелді

565

Полиция швед Мальмасында Құранды өртеп жіберген жігітті ұстады.

Швецияда тағы да Құран өртелді Фото: 1news.az

Швецияда Құранды өртеумен көрініс тапқан тағы бір акция өтті. Алайда бұл жолы перфоменс сәтті аяқталған жоқ, тіпті, тәртіпсіздіктерге ұласты Бұл туралы SVT телеарнасы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Оқиға Мальме қаласында болды. Бір ер адам мұсылмандардың қасиетті кітабын өртеуге шешім қабылдап, өзінің жоспарын жүзеге асырмақшы болған. 37 жастағы Салван Момика Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де Құранды өртей бастады. Біраз адам жиналып, кейбірі кедергі жасағысы келді, айлайда кейін полиция араласты. 

Қауіпсіздік қызметкерлері бірнеше адамды ұстады. Олардың ішінде Момиканың өзі де болды. Елдің оңтүстік аймағының полиция өкілі Рикард Лундквист бұл жағдайды "ерекше оқиға" деп атады, бірақ ол қосымша ақпарат беруден бас тартты.

"Қазіргі уақытта біз болған оқиға туралы ешқандай ақпарат бере алмаймыз", — деп түсіндірді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу