Швеция билігі жасөспірімдер арасында қылмыс санының көбеюіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке 15 емес, 13 жастан бастап тартуды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон мәлімдеді.
“Стокгольм билігі қылмыстық топтармен байланысты өлімге әкелетін қылмыстардың өсуіне осылай әрекет етіп жатыр. 15 жасқа толмаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтындықтан, тергеушілер қылмыстық желілердің атыс пен қару-жарақ сатуға қатысу үшін балаларды көбірек тартатынын анықтады”, – деп жазады басылым.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу