Швециядағы инфляция 31 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

526

Елде ет, сүт, ірімшік және жұмыртқа қымбаттауда. 

Швециядағы инфляция 31 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

Швецияда инфляция 6,4 пайыздан (сәуір айында) 7,2 пайызға (мамыр айында) дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz елдегі статистикалық басқарманың мәліметіне сілтеме жасап.

Бұл 1991 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Осылайша, инфляция 31 жыл бұрынғы рекордты жаңартты. Жергілікті БАҚ-ты ңхабарлауынша, әсіресе ет, сүт, ірімшік және жұмыртқа сияқты азық-түлік тауарларының бағасы шарықтап кеткен.

Бағаның рекордтық өсуі бүкіл Еуропада байқалады. Мамыр айында Еуроаймақтағы жылдық инфляция 8,1 пайызға дейін өсті. Сәуірде көрсеткіш 7,4 пайызға жеткен болатын. Бұған әсіресе энергия тасымалдаушылардың қымбаттауы әсер етіп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу