Швециядан Қазақстанға пошта жөнелтілімі арқылы есірткі әкелмек болғандар ұсталды

196

Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі мәлім етті.

Швециядан Қазақстанға пошта жөнелтілімі арқылы есірткі әкелмек болғандар ұсталды Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Швециядан Қазақстанға пошта жөнелтілімі арқылы есірткі әкелмек болғандар ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қаржылық мониторинг агентігімен ҚР ҚК-нің 286-б. 4-б. бойынша Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Мәселен, қызметкерлердің халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде ҚМА-нің Астана қаласы бойынша департаменті "Қазпошта" АҚ-ның Қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Швециядан келген салмағы– 479,94 г., "гашиш" есірткі заты бар қорап табылды", - делінген хабарламада ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарламасында.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-б. тәртібінде ұсталып, УҰИ-на қамалды.

ҚПК-нің 201-б. талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу