Швециялық азамат лотереядан 10 миллион еуро ұтып алды

455

Ең жоғары ұтыс 120 миллион еуроға дейін жетеді.

Швециялық азамат лотереядан 10 миллион еуро ұтып алды Фото: BILD

20 қарашада өткен Eurojackpot лотереясының кезекті ұтыс ойынында бір қатысушы 10 миллион еуро көлеміндегі бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

Швециядан қатысқан ойыншы Eurojackpot ойынында түскен бес негізгі санның (15, 28, 29, 34 және 35), сондай-ақ екі қосымша санның (5 және 9) барлығын дәл тапқан жалғыз қатысушы болды. Осылайша, бас жүлде Скандинавияға бұйырды.

Екінші жүлделі санатта бес негізгі санның және бір қосымша санның сәйкес келуіне байланысты Гессен жерінен, Норвегия мен Швециядан үш адам жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 579 803,80 еуродан алады.

Eurojackpot лотереясы қалай ойналады?

Лотереяның ұтыс сандары әр сейсенбі және жұма күндері Хельсинкиде анықталады. Ойыншылар 50 санның ішінен бес санды және 1-ден 12-ге дейінгі қосымша сандардың ішінен екі санды таңдауы керек. Мақсат – ұтыс кезінде шыққан сандарды алдын ала дәл табу.

Eurojackpot лотереясында бас жүлденің бастапқы мөлшері кемінде 10 миллион еуроны құрайды. Ал ең жоғары ұтыс 120 миллион еуроға дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу